Материалы за 06.03.2020 » Б.Римова атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Б.Римова атындағы МДШО бар орта мектеп гимназиясы" КММ
Приемная
(872834) 4-16-55
Директордың байланыс нөмірі:
+7(777) 023-48-91
Версия для
слабовидящих
Қажымұқан-отбасы
06
март
2020
Қажымұқан-отбасы
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Кагиликова М.С. 6 «а» сыныбына ашық сабақ өткізді. «Бұл кім?» әдісі арқылы жағымды психологиялық ортаны қалыптастырды. «Ми шабуыл» әдісі арқылы оқушыларға сұрақтар қойып, сабақтың тақырыбын ашты. «Көшпелі бекет» әдісі арқылы берілген агументтерге 3 топ дәлел келтірді. I топ «Мұқан-зор адамгершілік иесі», II топ «Ерен-еңбек иесі», III топ «Мұқан-отбасы қамқоршысы» 3 флипчарт көшіп жүріп, барлық топқа барды. Әр топ дәлелдерін тек бір түспен ғана жазып,
Әжемнің айраны тәтті
06
март
2020
Әжемнің айраны тәтті
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Бесикбаева А.И. 2 «в» сыныбына ашық сабақ өткізді. Сабақ мақсаты оқу мақсатына бағытталған. «Пазл» әдісі арқылы сабақтың тақырыбы ашты. «Тізбектеп оқу» әдісі арқылы оқушылар мәтінді тыңдап, мәтіндегі септік жалғауларын тапты. Тыңдаған ақпараттарын талдай отырып, топтар постер жазып қорғады. Берілген дескриптор бойынша топтар бірін-бірі бағалады.
Наурыз көже ішеміз
06
март
2020
Наурыз көже ішеміз
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Тыналина Б.Ж. «7 «б» сыныбына ашық сабақ өткізді. «Кім жылдам?» әдісі арқылы оқушылардан домтапсырмасын сұрады. «Тамаша идеялар» әдісі арқылы оқушылар постер жазып қорғады. Берілген дескриптор бойынша топтар бірін-бірі бағалады.«Ет тартқыш», «қоқыс шелегі», «чемодан» әдісі арқылы оқушылар сабақтан алған әсерлерімен ой бөлісті.
Олимпиада тарихы
06
март
2020
Олимпиада тарихы
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Тулеуова А.А. 6 «б» сыныбына ашық сабақ өткізді. Жағымды психологиялық ортаны қалыптастыру үшін «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне тілектерін білдірді. Үй тапсырмасын «Автор орындығы» әдісі арқылы сұрады. «Кинометафора» әдісі арқылы оқушыларға Қазақстан спортшылары туралы бейнеролик көрсетті. Оқушылар сұрақтарға белсене жауап берді. Тыңдаған мәтін бойынша берілген сызбаны толтырды. Дескриптор арқылы оқушылар өзін-өзі бағалады.
Мадақтама
06
март
2020
Мадақтама
№ 13 орта мектепте «Преподавателидің кәсіби даму факторы ретіндегі мектептердің өзара әрекеттесуінің инновациялық моделі» практикалық конференциясына 10 жетекші мектеп қатысты. Б. Римова атындағы МДШО бар орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Сун Шин Ян В.Н. қатысып,I орынды иеленді.