PISA, TIMSS-2022 халықаралық зерттеуге дайындық бойынша анықтама » Б.Римова атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Б.Римова атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » PISA, TIMSS-2022 халықаралық зерттеуге дайындық бойынша анықтама
01
сентябрь
2021

PISA, TIMSS-2022 халықаралық зерттеуге дайындық бойынша анықтама

PISA, TIMSS-2022 халықаралық зерттеуге дайындық бойынша 
анықтама
 
           «Қазақстан жолы — 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Жолдауында «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуға бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Осыған орай,үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған мұғалімдерге жаңашылдықпен жұмыс жасауға тура келеді. Ең алдымен барлық пәндер бойынша білім сапасын арттыру керек»
К.Токаев
Мақсаты: жалпы білім беретін мектепте Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның құбылмалы әлемге әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
Міндеті:
  • Оқушылардың пән бойынша білім деңгейлерін арттыру және оқушылардың пән бойынша мүмкіндіктерін анықтау;
  • Оқушылардың пәнге деген кызығушылығын арттыру;
  • Табиғи қабілеттеріне, қызметтеріне сәйкес жоғарғы деңгейге көтерілуіне және дарындық қасиеттерініңашылуына толық жағдай жасау, білімге құлшынысын арттыру;
  • Ойлау қабілетінің ұштала түсуіне ықпал жасау;
  • Өз беттерімен ізденіп жұмыс жасау және өз пікірлерін қорғай алу дағдысына бейімдеу;
  • Ынтасын және белсенділгін арттыру, толық бағағлау.
Күтілетін нәтиже:
  • Таланттылар өз қабілеттері мен икемдлігін одан әрі бекіте түседі;
  • Әлсіздер оқуға ниет білдіріп, өзіне деген сенімсіздіктен арылады;
  • Күшті топтарда оқуға деген ынта артады;
  • Білім дәрежесі бірдей оқу топтарында оқу жеңілдейді;
  • математикалық сауаттылығы жоғарылайды, болашақта өмірде алған білімдерін тиімді қолдана алады.
Функционалдық сауаттылық тұжырымдамасына негізделген анағұрлым танымал халықаралық бағалау зерттемелерінің бірі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) қолдауымен өткізілетін 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы (Programmer for International Student Assessment – РІSА) болып табылады. РІSА 15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін бағалайды.РІSА зерттеулері қазіргі уақытта әлемде мектептік білім берудің тиімділігін салыстырмалы бағалаудың әмбебап құралы ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында алынған деректер тұтастай оқытудың мазмұны мен әдістері ретінде, сондай-ақ контексті факторлардың (басқару моделі, оқыту тілі, отбасының және т.б әлеуметтік мәртебесі) мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту деңгейіне әсері ретінде білім беру жүйесін дамыту стратегиясын анықтауға негіз болады.
 РІSА шеңберіндегі тестілеу барысында функционалдық сауаттылықтың үш саласы бағаланады: оқудағы сауаттылық, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық
Еліміздің егемендік алуына байланысты жалпы білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде кайта қаралып,  оны  жетілдіру жолдары іздестірілуде. Болашақ коғам мүшелерінін өмір сүріп нәтижелі қызмет етуінде математикалық білімдердің жасайтын ықпалы мол.
«Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек »,- деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің щебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді .
         Еліміздің осы алдымызға қойған бағдарламаны іске асыру үшін мектебімізде қыркүйек айыннан бастап PISA, TIMSS-2022 халықаралық зерттеуге дайындық бойынша жоспар құрылып, мектеп директорымен бекітілді. Осы жоспарға сәйкес іс-шаралар жүргізулуде. 15 жастағы оқушылардың тізімі бекітілді, мектеп іс-шараларды үйлестіругекоординатор болып ДОІЖО Л.Кыдырбаева бекітілді.
PISA, TIMSS-2022 халықаралық зерттеуге дайындық бойынша әдістемелік отырыста қаралып, пән мұғалімдеріне бағыт-бағдар берілді, ата-аналармен жоспар бойынша PISA, TIMSS-2022 халықаралық зерттеу тақырыбында түсініктеме жұмыс жүргізілді.
Жаратылыстану-математикалық және оқу сауаттылық бойынша пән мұғалімдері жоспар құрып кесте бойынша әр сенбі сайын қосымша сабақ жүргізеді. 
ДОІЖО:                           Л.Кыдырбаева
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив