20
май
2020
Презентациядағы дыбыстар
Информатика пәнінің мұғалімі Тасыбаева А.Ж. 3 «а» сыныбына Zoom платформасы бойынша ашық сабақ өткізді. Білім алушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін «Менің көңіл-күйім» жаттығуынан бастады. «Сұрақ менен, жауап сенен» әдісі бойынша білім алушылар презентацияға дыбыс файлдарын кірістіру және дауыс жазу тапсырмаларын орындап, сұрақтарға жауап берді. Білім алушылар жұмысына дер кезінде кері байланыс берілді. Білім алушылар сабақтан алған әсерлерін «SMS» әдісі арқылы жіберді.





