25
сентябрь
2020
25-қыркүйек күні сынып жетекшілер бірлестігінің отырысы болды.
25-қыркүйек күні жоспарға сай тәрбиесі ісі жөніндегі орынбасары Н.Н.Карсыбекованың ұйымдастыруымен сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестігінің отырысы болып өтті. Отырыста жас сынып жетекшілермен жұмыс талқыланды. Сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестік жетекшісі Г.О.Уалиева қашықтықта оқытудағы сынып сағатының тиімді жолдары тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.. Тәрбие ісінің орынбасары Р.М.Джазылбеков "Оқушылардың қауіпсіздігі, құқық бұзушылық тақырыбында ой бөлісті. Мектебіміздің әлеуметтік-педагогтары оқушылардың әлеуметтік жағдайы туралы мағлұмат берді.





