Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу » Б.Римова атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Б.Римова атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу
22
январь
2020

Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу

22 қаңтар күні Б. Римова атындағы МДШО бар атындағы ОМГ 8-11 сынып оқушыларымен Қаратал аудандық полиция бөлімінің бірінші орынбасары полиция подполковнигі Қ.К. Нұршанов, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі полиция майоры Н.М. Ерболғанов жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу жөніндегі профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Полиция қызметкерлері алдымен заңнамаға енген өзгерістер жайлы айтып, артынша құқықтық білімдері және заң алдындағы жауапкершіліктерін толықтай білуге, сонымен қатар жасөспірімдерді қылмыстық әрекететтерден бойларын аулақ ұстауға шақырды. Жиналыс барысында қылмыстың алдын алу, баланың бұрыс жолға түспеуі, ата-ананың, мектеп пен мектеп инспекторларының бірлескен іс-қимылына байланысты екендігі туралы айтылып өтті. Жиын соңында оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, мамандардан қанағаттанарлық жауаптарын ала алды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив