Материалы за 20.05.2020 » Б.Римова атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Б.Римова атындағы МДШО бар орта мектеп гимназиясы" КММ
Reception room :
(872834) 4-16-55
Директордың байланыс нөмірі:
+7(777) 023-48-91
Version for
visually impaired
«Кемел елдің болашағы жас маманның қолында»
20
May
2020
«Кемел елдің болашағы жас маманның қолында»
«Қашықтықтан оқытуда жас мамандардың сабақты жоспарлаудағы кедергілер және оның шешу жолдары» тақырыбында және жаңартылған білім мазмұны негізінде сабақты жоспарлаудағы кедергілерді жою арқылы оқыту мен оқу үдерісін жетілдіру мақсатында жас мамандар апталығы өтті. Жас мамандар апталығы аясында Zoom платформасы бойынша ашық сабақтар өткізді.Жас мамандар білім алушыларды қашықтықтан оқытуда инновациялық әдіс-тәсілдер тиімді қолданды. Тапсырмалар оқушының жас ерекшелігіне қарай берілді.
Негізгі және туынды сын есім
20
May
2020
Негізгі және туынды сын есім
Бастауыш сынып мұғалімі Табақбай А.М. 3 «ә» сыныбына Zoom платформасы бойынша ашық сабақ өткізді. Білім алушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін «Суреттерді аяқтайық» жаттығуынан бастады.1-тапсырма бойынша «Ой сергек» әдісі арқылы білім алушылар ертегідегі жасырылған суреттерді атады. Ертегідегі су,бу,жаңбыр сөздерін пайдаланып сөйлем құрап, сұрақтарға жауап берді. 2-тапсырмада «Еркін жазу» әдісі бойынша мәтінді көркем жазып, сын есімдердің астын сызды. Дескриптор бойынша оқушылар
Презентациядағы  дыбыстар
20
May
2020
Презентациядағы дыбыстар
Информатика пәнінің мұғалімі Тасыбаева А.Ж. 3 «а» сыныбына Zoom платформасы бойынша ашық сабақ өткізді. Білім алушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін «Менің көңіл-күйім» жаттығуынан бастады. «Сұрақ менен, жауап сенен» әдісі бойынша білім алушылар презентацияға дыбыс файлдарын кірістіру және дауыс жазу тапсырмаларын орындап, сұрақтарға жауап берді. Білім алушылар жұмысына дер кезінде кері байланыс берілді. Білім алушылар сабақтан алған әсерлерін «SMS» әдісі арқылы жіберді.