Материалы за 12.03.2020 » Б.Римова атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Б.Римова атындағы МДШО бар орта мектеп гимназиясы" КММ
Reception room :
(872834) 4-16-55
Директордың байланыс нөмірі:
+7(777) 023-48-91
Version for
visually impaired
Тапқыр достар
12
March
2020
Тапқыр достар
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Тулеуова А. А., Бесикбаева А.И. 8 «б», 8 «в» сыныптар арасында интелектуалді ойынын өткізді. Ойын 10 кезең бойынша өтті. Ойынға қатысқан оқушылар екі топқа бірігіп, кезең-кезеңмен тапсырмаларды орындап шықты.Ойын барысында оқушылардың тілге деген қызығушылықтары артты. Оқушылар осы кезеңдерден өтіп, өздерінің білімі мен біліктілігін көрсете білді.Жүлделі орын алған оқушылар «Мадақтама» қағазымен марапатталды.
Қоқыс  тастама
12
March
2020
Қоқыс тастама
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Жумалиева А.К. 4 «в» сыныбына ашық сабақ өткізді. 1-тапсырма бойынша оқушылар мәтінді тыңдады. Тыңдаған мәтіндегі жаңа сөздермен танысып, кестені толтырды. Дескриптор бойынша топтар бірін-бірі бағалады.
III дәрежелі диплом
12
March
2020
III дәрежелі диплом
Жаңаталап орта мектебінде жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіру, жас мамандардың кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында аудандық «Педагогикалық дебют-2020» байқауы өтті. Бикен Римова атындағы МДШО бар орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Табақбай Айым Мейрамғалиқызы қатысып, III дәрежелі дипломмен марапатталды.
Тіл білгірі
12
March
2020
Тіл білгірі
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Оспанжанова Г.М. 5 «а» сыныбымен интелектуалді ойынын өткізді. Сайыс бес кезеңдер бойынша өткізілді. Сайыс барысында оқушылар жылдамдықпен тапқырлықтарының арқасында берілген тапсырмалар мен сұрақтарға жылдам жауап бере білді. Оқушылар ойынға белсене қатысты. Топты жарып шыққан оқушылар «Мадақтама» қағаздарымен марапатталды.