Материалы за Март 2020 года » Б.Римова атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Б.Римова атындағы МДШО бар орта мектеп гимназиясы" КММ
Reception room :
(872834) 4-16-55
Директордың байланыс нөмірі:
+7(777) 023-48-91
Version for
visually impaired
» Материалы за Март 2020 года
Тілім менің-тірлігімнің айғағы
13
March
2020
Тілім менің-тірлігімнің айғағы
Б.Римова атындағы МДШО бар орта мектеп-гимназиясында онкүндіктің жабылу кеші өтті. Кеште оқушылар ән айтып, би билеп, тілге деген құрметтерімен сүйіспеншілігін көрсетті. Әр сыныптар қабырға газеттерін шығарып, мазмұны бойынша I орындарды 5 «б», 9 «а», II орындарды 9 «ә», 5 «а», III орындарды 6 «ә»,6 «б», 7«б», 8 «а» сыныптары иеленді. Кешке белсене қатысқан оқушылар «Мадақтама» қағаздарымен марапатталды.
Наурыз келсе,құт келгені
13
March
2020
Наурыз келсе,құт келгені
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Кагиликова М. С. 6 «ә» сыныбымен тәрбие сағатын өткізді. Ұлыстың ұлы күні- наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын оқушы бойына сіңіру. Оқушылар наурыз мерекесінің қалай тойланатыны жайында сахналық көрініс көрсетті. Шұғыланың орындауында «Наурыз» әні шырқалды. Ұлдар тобы өз өнерлерін көрсетіп,би биледі.
Тапқыр достар
12
March
2020
Тапқыр достар
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Тулеуова А. А., Бесикбаева А.И. 8 «б», 8 «в» сыныптар арасында интелектуалді ойынын өткізді. Ойын 10 кезең бойынша өтті. Ойынға қатысқан оқушылар екі топқа бірігіп, кезең-кезеңмен тапсырмаларды орындап шықты.Ойын барысында оқушылардың тілге деген қызығушылықтары артты. Оқушылар осы кезеңдерден өтіп, өздерінің білімі мен біліктілігін көрсете білді.Жүлделі орын алған оқушылар «Мадақтама» қағазымен марапатталды.
Қоқыс  тастама
12
March
2020
Қоқыс тастама
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Жумалиева А.К. 4 «в» сыныбына ашық сабақ өткізді. 1-тапсырма бойынша оқушылар мәтінді тыңдады. Тыңдаған мәтіндегі жаңа сөздермен танысып, кестені толтырды. Дескриптор бойынша топтар бірін-бірі бағалады.
III дәрежелі диплом
12
March
2020
III дәрежелі диплом
Жаңаталап орта мектебінде жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіру, жас мамандардың кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында аудандық «Педагогикалық дебют-2020» байқауы өтті. Бикен Римова атындағы МДШО бар орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Табақбай Айым Мейрамғалиқызы қатысып, III дәрежелі дипломмен марапатталды.
Тіл білгірі
12
March
2020
Тіл білгірі
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Оспанжанова Г.М. 5 «а» сыныбымен интелектуалді ойынын өткізді. Сайыс бес кезеңдер бойынша өткізілді. Сайыс барысында оқушылар жылдамдықпен тапқырлықтарының арқасында берілген тапсырмалар мен сұрақтарға жылдам жауап бере білді. Оқушылар ойынға белсене қатысты. Топты жарып шыққан оқушылар «Мадақтама» қағаздарымен марапатталды.
Тіл-халықтың қазынасы
11
March
2020
Тіл-халықтың қазынасы
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Жумалиева А.Қ., Тыналина Б.Ж. 5 «б», 5 «в» сыныптар арасында интелектуалді ойынын өткізді. Ана тілінің қадір-қасиетін ұға білуге, сезінуге, ана тілімізді сүюге, оны өшпес мұра етіп сақтауға оқушыларды баулып, білімдерін шыңдай түсті.
«Безопасная школа»
11
March
2020
«Безопасная школа»
В рамках проведения оперативно-профилактического мероприятия «Безопасная школа» участковым инспектором полиции по делам несовершеннолетних Каратальского РОП Mayором полиции Ерболгановым Н.М. с учащимися 7-8 классов СШГ им. Б. Римовой была проведена профилактическая беседа на правовую тему. Так, ученикам школы были разъяснены статьи уголовного кодекса (кража, вымогательство) в частности, какую ответственность несет подросток, совершивший данные преступления. Учащимся был показан видеоролик по
Қажымұқан-отбасы
06
March
2020
Қажымұқан-отбасы
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Кагиликова М.С. 6 «а» сыныбына ашық сабақ өткізді. «Бұл кім?» әдісі арқылы жағымды психологиялық ортаны қалыптастырды. «Ми шабуыл» әдісі арқылы оқушыларға сұрақтар қойып, сабақтың тақырыбын ашты. «Көшпелі бекет» әдісі арқылы берілген агументтерге 3 топ дәлел келтірді. I топ «Мұқан-зор адамгершілік иесі», II топ «Ерен-еңбек иесі», III топ «Мұқан-отбасы қамқоршысы» 3 флипчарт көшіп жүріп, барлық топқа барды. Әр топ дәлелдерін тек бір түспен ғана жазып,