15
май
2020
Transportation around the world
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жунусова А.У. 6 «б» сыныбына Zoom платформасы бойынша ашық сабақ өткізді. Білім алушылардың сабаққа деген қызығушылығын тудыру үшін «Сиқырлы сөздер» ойынынан бастады. «Аудиовизуалді» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын ашты. 1-тапсырмада білім алушылар көлік суреттеріне байланысты бірнеше сөйлемдер құрады. 2-тапсырмада берілген суреттермен сөздерді сәйкестендірді. Әр тапсырма сайын білім алушыларға кері байланыс берілді. Білім алушылар сабақтан алған әсерлерін watsapp желісі арқылы жіберді.





