13
май
2020
«Өркениетті елдің болашағы-жас маман»
«Қашықтықтан оқытуда жас мамандардың сабақты жоспарлаудағы кедергілер және оның шешу жолдары» тақырыбында жас мамандар апталығына орай Zoom платформасында кездесу өтті. Мақсаты: Жаңартылған білім мазмұны негізінде сабақты жоспарлаудағы кедергілерді жою арқылы оқыту мен оқу үдерісін жетілдіру.Онлайн кездесу барысында директордың ғылыми- әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, мектеп тренері Б. Галиева жас мамандарға білім алушыларды қашықтықтан оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып,сабаққа қойылатын талаптар туралы пікір алмасып, ой бөлісті.