БІЛІМ АЛДЫ ТӘРБИЕ... » Б.Римова атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Б.Римова атындағы МДШО бар орта мектеп гимназиясы" КММ
Приемная
(872834) 4-16-55
Директордың байланыс нөмірі:
+7(777) 023-48-91
Версия для
слабовидящих
08
апрель
2020

БІЛІМ АЛДЫ ТӘРБИЕ...

БІЛІМ АЛДЫ ТӘРБИЕ...Бүгінгі таңда ел басына сын түскен уақытта қазақтың жантанушы жазушысы Жүсіпбек Аймауытовтың «Қазақтың өзгеше мінездері» деген мақаласында қазақ халқының « ұйымшыл, елі жауынгер, биі әділ, намысқор, адамы әрі бітімді, қайратты, сауықшыл, досымен достасып, жауымен жауласуға табанды»болғандығы жайлы айтқан сөзі ойға оралады.Бірақ отаршылдық езгіден сол мінезімізден айырылып бара жатқанымызды да айта келіп, сол жағымсыз қылықтардан құтылудың ең басты құралы тәрбие, оқу, білім екендігін ашып көрсетеді.Ал тәрбие беретін тәрбиешіге қоғамда өте үлкен маңыз берген жазушы оны дәрігермен ғана салыстырады.Тәрбиешіні одан да жоғары қояды. «Адамдық көзбен тереңнен тексерсе, дәрігерден де тәрбиешінің көп болғаны артық. Дәрігер адамның денесін сауықтыратын болса, тәрбиеші адамның ақылын, мінезін сауықтырады» дейді.Тәрбие мәселесін мемлекеттік дәрежеге көтеру қажеттігін түсініп, «Тәрбиешіге Отанның келешек өмірін тапсыруға болады, себебі, тәрбие нәтижесінде ақылды адам көбейсе- Отанның күзетшісі, қорғаны »-деп атап өтеді. Міне, біз қазір «Қашықтықтан оқыту» арқылы еліміздің басына түскен ауыртпалықты жеңе алатындығымыздың ең басты құралы «тәрбие» екендігі айтылып тұр.Біз балаларымызды тәрбиелей отырып, ұстаздар берген тапсырманы орындату арқылы оқутың маңыздылығын түсінгендейміз.Сабырлық сақтап, Білім министрінің айтқанын тыңдап, балаларымызды тәрбиелесек, бұл індеттің алдын ала аламыз.Ұрпағымыздың білімді де, білікті, тәрбиелі болғаны бүкіл адамзат үшін маңызды. Сондықтан ата- аналар мен ұстаздар қауымы бірлесе жұмыс жасасақ алынбайтын қамал жоқ.
Данышпан Абайдың «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос» деген ұлағатын жүрегіміздің түпкіріне сақтап,бүгінгі жасалып жатқан мүмкіндіктерді пайдалану әр ата- ана мен ұстаздың, бүкіл халықтың парызы.
Бикен Римова атындағы МДШО бар ОМГ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ата-ана Мухаметжанова Жанар Үйсіпқызы
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив