Біз туралы » Страница 9 » Б.Римова атындағы орта мектеп-гимназия
Жетісу облысы
Қаратал ауданы білім бөлімінің
"Б.Римова атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Тіл білгірі
12
март
2020
Тіл білгірі
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Оспанжанова Г.М. 5 «а» сыныбымен интелектуалді ойынын өткізді. Сайыс бес кезеңдер бойынша өткізілді. Сайыс барысында оқушылар жылдамдықпен тапқырлықтарының арқасында берілген тапсырмалар мен сұрақтарға жылдам жауап бере білді. Оқушылар ойынға белсене қатысты. Топты жарып шыққан оқушылар «Мадақтама» қағаздарымен марапатталды.
Тіл-халықтың қазынасы
11
март
2020
Тіл-халықтың қазынасы
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Жумалиева А.Қ., Тыналина Б.Ж. 5 «б», 5 «в» сыныптар арасында интелектуалді ойынын өткізді. Ана тілінің қадір-қасиетін ұға білуге, сезінуге, ана тілімізді сүюге, оны өшпес мұра етіп сақтауға оқушыларды баулып, білімдерін шыңдай түсті.
Қажымұқан-отбасы
06
март
2020
Қажымұқан-отбасы
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Кагиликова М.С. 6 «а» сыныбына ашық сабақ өткізді. «Бұл кім?» әдісі арқылы жағымды психологиялық ортаны қалыптастырды. «Ми шабуыл» әдісі арқылы оқушыларға сұрақтар қойып, сабақтың тақырыбын ашты. «Көшпелі бекет» әдісі арқылы берілген агументтерге 3 топ дәлел келтірді. I топ «Мұқан-зор адамгершілік иесі», II топ «Ерен-еңбек иесі», III топ «Мұқан-отбасы қамқоршысы» 3 флипчарт көшіп жүріп, барлық топқа барды. Әр топ дәлелдерін тек бір түспен ғана жазып,
Әжемнің айраны тәтті
06
март
2020
Әжемнің айраны тәтті
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Бесикбаева А.И. 2 «в» сыныбына ашық сабақ өткізді. Сабақ мақсаты оқу мақсатына бағытталған. «Пазл» әдісі арқылы сабақтың тақырыбы ашты. «Тізбектеп оқу» әдісі арқылы оқушылар мәтінді тыңдап, мәтіндегі септік жалғауларын тапты. Тыңдаған ақпараттарын талдай отырып, топтар постер жазып қорғады. Берілген дескриптор бойынша топтар бірін-бірі бағалады.
Наурыз көже ішеміз
06
март
2020
Наурыз көже ішеміз
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Тыналина Б.Ж. «7 «б» сыныбына ашық сабақ өткізді. «Кім жылдам?» әдісі арқылы оқушылардан үй тапсырмасын сұрады. «Тамаша идеялар» әдісі арқылы оқушылар постер жазып қорғады. Берілген дескриптор бойынша топтар бірін-бірі бағалады.«Ет тартқыш», «қоқыс шелегі», «чемодан» әдісі арқылы оқушылар сабақтан алған әсерлерімен ой бөлісті.
Олимпиада тарихы
06
март
2020
Олимпиада тарихы
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Тулеуова А.А. 6 «б» сыныбына ашық сабақ өткізді. Жағымды психологиялық ортаны қалыптастыру үшін «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне тілектерін білдірді. Үй тапсырмасын «Автор орындығы» әдісі арқылы сұрады. «Кинометафора» әдісі арқылы оқушыларға Қазақстан спортшылары туралы бейнеролик көрсетті. Оқушылар сұрақтарға белсене жауап берді. Тыңдаған мәтін бойынша берілген сызбаны толтырды. Дескриптор арқылы оқушылар өзін-өзі бағалады.
Мадақтама
06
март
2020
Мадақтама
№ 13 орта мектепте «Мұғалімдердің кәсіби даму факторы ретіндегі мектептердің өзара әрекеттесуінің инновациялық моделі» практикалық конференциясына 10 жетекші мектеп қатысты. Б. Римова атындағы МДШО бар орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Сун Шин Ян В.Н. қатысып,I орынды иеленді.
Заңды білгім келеді
05
март
2020
Заңды білгім келеді
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Оспанжанова Г.М. 8 «а» сыныбына ашық сабақ өткізді. «Айқын мақсат қою» тәсілі арқылы оқушылар мақала жазды. Дескриптор арқылы оқушылар өзін-өзі бағалады.
Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері:«диалогтік оқыту»
04
март
2020
Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері:«диалогтік оқыту»
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Мухаметжанова Ж.У мұғалімдер арасында коучинг өткізді. Мұғалімдерді үш топқа бөліп, тапсырма берді. I топқа «әліпби» кілті, II топқа «қиыстыру» кілті, III топқа «жаңа дизайн» кілті тақырыбында постер қорғап, өзара ой бөлісті.
Ұлпан-қазақ қыздарының тәрбиешісі
02
март
2020
Ұлпан-қазақ қыздарының тәрбиешісі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мухаметжанова Ж.У. 9 «а» сыныбына ашық сабақ өткізді. Сабақта қазақ қызына тән ұлттық болмыс, намыс пен ар, жігер мен қайрат, ата-ана алдындағы борыш пен ел алдындағы абройды оқушылар бойына сіңіре отырып, «DEAL» және «PRES» тәсілдері арқылы оқушыларға шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыда талдатып, әдеби эссе жаздырды. Оқушылар дескриптор арқылы өзін-өзі бағалады.