12
март
2020
Тапқыр достар
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Тулеуова А. А., Бесикбаева А.И. 8 «б», 8 «в» сыныптар арасында интелектуалді ойынын өткізді. Ойын 10 кезең бойынша өтті. Ойынға қатысқан оқушылар екі топқа бірігіп, кезең-кезеңмен тапсырмаларды орындап шықты.Ойын барысында оқушылардың тілге деген қызығушылықтары артты. Оқушылар осы кезеңдерден өтіп, өздерінің білімі мен біліктілігін көрсете білді.Жүлделі орын алған оқушылар «Мадақтама» қағазымен марапатталды.





