25
февраль
2020
"Ризашылық - мейірімділік бұлағы" жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы
Қаратал ауданы Үштөбе қаласы Б.Римова атындағы МДШО бар орта мектеп-гимназиясында "Ризашылық - мейірімділік бұлағы" жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы аясында 1-11 сыныптар арасында "Бір Отан - бір отбасы" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру; Үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту; Әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.